Бүгін ҚМДБ-ның Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Сейтжан қари мешітінде Шымкент қаласы бойынша өкілдігі ҚМДБ Дархан дала отандық туризмді дамытуға бағытталған кеңейтілген жиналыс өтті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре, Дәурен Тасқараев, Қазыбек Сарыбаев, Исламқұл Иманқұлұлы, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев т.б. аудан мешіт имамдары қатысты.
Жиналыс барысында ҚМДБ-ның Дархан дала отандық туризмді дамытуға байланысты жауапты жетекшісі Мұхамеджан Естеміров арнайы баяндама жасап, атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы атқарып жүрген жұмыстарға оң бағасын берді. Және де әрі қарай дамыту жұмыстарын қолға алуды тапсырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










