Бүгін Шымкент қаласы Сейтжан қари мешітінде ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша Уақып қорының ұйымдастыруымен «Уақып — сарқылмас сауаптың кілті» атты танымдық семинары өтті.
Семинарға ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша Уақып қорының жетекшісі Ералы Есенгелдиев арнайы қатысып, қор жұмысын жан-жақты таныстырып, дәріс оқыды.
Семинар барысында имамдар көп мәліметке алды. Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі











