Шымкент қаласы Әл — Фараби ауданына қарасты Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінде мешітіміздің бас имамы Өмірзах Мамырхан Батуханұлының қолдауымен, әйел қыздар ұстазы Айнақұлова Әсем ұстаздың бастамасымен “Қайырымдылық жәрменкесі” өтті.
Жәрменкеде әйел-қыздар жамағаты ақ пейілдерімен ақ дастархан жайып Жұма намазынан соң жамағатқа тарту етті. Жамағатқа имамымыз садақаның маңыздылығын уағыз насихат етіп барша жомарт халыққа түсіндірілді.
Жәрменкеден жиналған қаражат
Шымкент қыздар медресесінің құрылысына үлестірілді.
Барша ат салысқан жомарт шәкірттермен, жамағатқа, қызметі тиген әрбір жанға Алла мол сауап жазып, жасаған ссдақалары қабыл болсын!





