Елордада өткен халықаралық құран байқауына Қазақстанның атынан шыққан қос қаридың бірі Шохан Уәлиев жүлделі орыннан көрінді. 29 жастағы қари Шымкент қаласы, “Сейітжан Қари” мешітінің наиб имамы болып қызмет атқарады. Халықаралық аренада осымен екінші рет жүлделі орындардан көрінген Шохан Уәлиевті Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы жарыс алаңында жеңісімен құттықтап, зор алғысын айтты.
