Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық «Дархан дала» отандық туризм бойынша қалалық Әйел-қыздар секторы мен Әжелер мектебінің мүшелері Ташкент және Самарқанд қалаларына зиярат ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов ақ батасын беріп, сәт сапар тіледі.
Арнайы ұйымдастырылған саяхатқа қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан ұстаз Досжанова мен Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыгүл қажы Жұмабекқызы бастаған әжелер мен ұстаздар тобы қатысты. Қос шаһарда орналасқан кесенелер мен киелі орындарға зиярат етіп бабалар тарихына қанығып, арнайы Құран оқып бағышталды.
Осы орайда, жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға апалар дән риза болып алғыс білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38