Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылға арналған бағдарлық баяндамасына орай және «Дін мен дәстүр» бағытына аясында Республика күні, ҚМДБ 35 жылдық мерейтойы және Ислам және отбасы құндылығы жылы аясында Шымкент қаласы Әл Фараби аудан ұйытқы болуымен шәкірттер арасында ұлттық ойындардың турнирі өтті..
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі
Ойын түрлерін Атап айтқанда:

  1. Орта қашықтыққа жүгіру. (3 шақырым)
  2. Асық ату, Ләңгі тебу.
  3. Турникке тартылу. (Кермеге тартылу)
  4. Бруся жаттығулары.
  5. Арқан тартыс. (Ұжымдық ойын)
  6. Қапшықпен жүгіру. (Ұжымдық ойын)
    Жалпы алты команда қатысты. Олар:
    Шымкент медресе колледж, Ықылас қарилар орталығы, Нұры Мүбәрак университетке дайындық курсы және Гаухар ана, Тура жол, Әл Біләл мешіттеріндегі діни сауат ашу курстарының командалар қатысты
    Жарысқа дінтанушы Мұхтар Абсаматов пен қалалық спорт сектор Ербол Қалшабек төрелік етіп, жүргізді.
    Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыс соңында жүлдегер командаларға арнайы дипломмен бірге кәдесый табысталды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38