Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау мақсатында «Мәуліт айында мешітке кітап сыйла» шарасын өткізді.
Оған Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, «Muftiyat» баспасының қалалық өкілі Мұхамеджан Естеміров, қалалық ЖАНТ жетекші Дастан Желеуов, «Халал Даму» бөлімінің бауылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев және Жастар ісі секторы мен аудандық мешіттің имамдары жалпы жамағат қатысты.
Игі шара барысында «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Әке мектебі», «Салауат айту әдебі», «Исламдағы сауда-саттық», «Мақтаулы Мұхаммед», «Бабалар ізімімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», сынды әртүрлі құнды кітаптар жиналып, тиісті орындарға табыс етілді. Жалпы 220 дана кітап табысталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38