Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қалалық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде еңбек адамына құрмет көрсету бастамасы аясында арнайы іс-шара өтті.
Игі шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған мешіт ұжымы орталық мешіттің бас есепшісі Динара апай мен сала мамандарын кәсіби еңбектерімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Шаһар Бас имамы есепші мамандығының мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететінін атап өтіп, еңбектеріне сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі












