Бүгін «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі имамдардың 2025 жылдың төртінші тоқсанында атқаратын жұмыстарына қатысты имамдар бас қосты
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасымбек, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Ербол Қалшабек , Ербосын Орын, Ерман Бекбауов, Ералы Есенгелдиев және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Шымкент қаласы Абай аудан бас имамы әрі ақпарат бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ тарапынан қабылданған «Қажының рухани келбеті» құжатын түсіндірді. Мұнымен қатар, орталық мешіт жанында ұлы сапарға ниет етушілерге түсіндіру үшін Қажылық және Ұмра курстарына арнайы топ құрылғанын жариялады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


