Брайль қарпі – көру қабілеті төмен жандарға арналған арнайы жазу жүйесі. Бұл әліпби көзі көрмейтін адамдарға жазу мен оқуға мүмкіндік береді. «Брайл дәрістерін» оқыту курсының мақсаты – көзі көрмейтін, бірақ, Құран үйренуге деген ықыласты жандарға білім беру.
Жақында Шымкент қаласына Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұстазы, арнайы маман Айнұр Хұмарбекқызы және Астана қаласының зағип жандар орталығының ұстазы Бақытжамал ханым қонақ болып келді.
Жиналыстың мақсаты, алдағы уақытта ұстаздар Құран үйренуге ықыласты зағип жандармен етене жұмыс істемек ниетте.
Іс шараға, Шымкент қаласының зағип жандарға Құран үйретуші Зейнеп ұстаз бен шәкірттері қатысып, артынша жайылған дастарханнан дәм- тұз татып кетті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





