Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, “Қарабура әулие“ мешітінде “Ислам — ынтымақ, бейбітшілік, бауырмалдық және бірлік діні”,- атты көшпелі семинар өтті. Семинарға қалалық орталық мешіттің наиб имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы арнайы келіп, бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, күн тәртібіндегі біршама атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Қаратау ауданы бойынша куратор Дастан қажы Сүлейұлы “Жергілікті ақпарат-насихат тобы” мәселері жөнінде мағлұмат берді. Қаратау ауданы имамының уақытша міндетін атқарушы, «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы Нұрмахан Сейфулов ҚМДБ-ның және Шымкент қаласы бас имамының жұмыс жоспарына сай белсене жұмыс жасау керектігін айтты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


