ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен Еңбекші ауданы Ар рақиб мешітінің имамы Ержігіт Мамытұлының ұйымдастырумен «Ислам және отбасы» бағыты аясында «Көктөбе» жазғы лагерінде демалып жатқан балалар үйінің бүлдіршіндеріне қуаныш һәм шаттық сыйлау мақсатында «Балаларға базарлық» атты рухани қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға шаһар бас имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтамберды, Еңбекші ауданы Ар Рақиб мешітінің имамы Ержігіт Мамытұлы, және қалалық «Әжелер» мектебінің мүшелері әжерелеріміз қатысты.

Рухани шара Қасиетті Құран оқумен басталды. Әуелгі құттықтау сөзді шаһар бас имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтамбердыге берілді. Бұл игі шара ҚМДБ-ның 35-жыл толуына Ислам және Отбасы бағыты аясында өткізіліп жатқанын айрықша атап өтті. Рухани шара аясында ақ дастархан жайылып, дәстүрге сәйкес 110 бүлдіршінге түрлі тәттілер мен балмұздақтар тарту еттілді. Сондай-ақ, рухани кеште елімізге белгілі әншілер Еркін Нұржанов пен Әділет Жауғашар ән айтып, балаларға қуаныш сыйлады.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында мекеме басшысы ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының өкілдеріне алғыс айтып, ризалық білдірд.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38