КМДБ-ның Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Ар-рақиб Мешітінің имамы Ержігіт Мамытұлы және Абдужаппар ұстаздың ұйымдастыруымен Құран әліппесімен танысып, әдеп және имандылық дәрістерімен сусындады, “Имани-жаз”2025 діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.
Іс шарамыз “Менің сүйікті мешітім” атты тақырыппен қызықты бағдарламамен өтті. Іс шарамызды әуелі Алланың сөзі Қасиетті Құран Кәріммен бастадық. мешітіміздің имамы Ержігіт Мамытұлы Құран үйрену бұнымен токтап калмайтынын айтып мешітіміз әрқашан ашық екенін тілге тиек етті,
Шәкірттердің дайындалған діни өлеңдерімен,қызықты ойындармен жалғастырдық.Сабақ барысында өтілген тақырыптардан Абдужаппар ұстаз сұрақ-жауап қойып дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірді. Іс шара соңы 40 шәкіртке Құранға түсіп,Сертификат табысталып, кішігірім сыйлықтар беріліп шәкірттерге жайылған дастарханмен жалғасты. Шәкірттердің ұстаздарына деген жылы тілек дұғалары сыйлықтары беріліп барша шәкірттерге сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі










