Бүгін ҚМДБ 35 жылдық мерейтойы аясында халақаралық шахмат күніне орай,  Қазақстан шахмат федерациясының Шымкент қалалық бірлестігі мен Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірігіп мешіт имамдары арасына «MUFTYAT CHESS OPEN CUP 2025» атты шахмат турнирі ұйымдастырылды

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы атынан найб имам Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, қалалық спорт секторы Ербол Қалшабек т.б азаматтар арнайы қатысып,  дене һәм ой спорттарымен  шұғылдану пайғамбарымыздың (с.а.с.) құп көрген сауапты амал екендігін айтып, ғылыми һәм діни тұрығыдан әрі қарай дамыту туралы айтты.

Турнирдың негізгі мақсаты – дін мен дәстүр сабақтастығын негізге ала отырып, имамдар арасында зияткерлік  ойын мәдениетін дамыту, логикалық ойынды жетілдіру, ынтымақтастықты және бірлікті нығайту болып саналады. Сондай-ақ, шахмат ойынын Мемлекет басшысы тарапынанда жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Тұңғыш ұйымдастырылған шараға бас төреші Фиде арбитрі Бекзат Дулатов, ұлттық дәрежедегі арбитр Болат Кузембаев, Сәуле Илясова, Ринат Атамбаеув пен Ақниет Ажмұхан төрелік етті. Жарысқа 35 мешіт қызметкерлері қатысып,  нәтижесі бойынша:

         І-орын: Әмір Вапаев

         ІІ-орын:Әділет Есенбай

         ІІІ-орын: Раушанбек Нартбаев иеленді. Қатысушыларға алғыс хат пен  қаржылай сый-құрмет көрсетілді.  

Жарыс аясында Қазақстан шахмат федерациясының Шымкент қалалық бірлестігінің атқарушы директоры Алтын Есіркепова, Сейтжамал Асатуллаұлы қатысып,  Мүфтияттың мерейтойымен құттып,  жұмысына алғыс айтып, ризалық білдірді.

Үлкен деңгейде ұйымдастырылған шараға белгілі кәсіпкер Ержан Сандибаев мырза демеушілік етті. Жарыс нәтижесі бойынша аталған турнир  дін мен спорттың үйлесімді дамуының жарқын үлгісіне айналып, болашақта дәстүрлі форматта жалғасын табатын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38