Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты Исамиддин баба мешітінің әйелдер жамағаты арасында ұйымдастырылған “Құранға қадам” атты сабағы өз мәресіне жетті. Сабақ қорытындысы ретінде демалыс орнында арнайы рухани кеш өтті.
Кеш барысында Құран үйренген шәкірттер марапатталып, олардың ішінен Құран жаттаған қыз-келіншектерге символикалық тәж кигізілді. Бұл – шәкірттің Құранға деген құрметін білдіретін ізгі белгі ғана емес, сонымен қатар хадистермен үндес рухани мағынасы терең қадам болды.
Исамиддин баба мешітінің бас имамы Ербосын Орын бастаған ұжым сабаққа қатысқан барша шәкірттерге ризашылығын білдіріп, Құранмен байланысын үзбей, білімін ары қарай жалғастыруды тіледі. Іс-шара соңында қатысушыларға сыйлықтар табысталып, уағыз-насихат айтылды.
Алла Тағала баршамызға Құранмен өмір сүріп, қияметте сол арқылы дәрежеміздің жоғары болуын нәсіп етсін. Әмин.





