Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде, аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлының басшылығымен Ұлы Отан соғысында шейіт болған марқұмдарға арнап қасиетті Құран оқып, сауабын бағыштау рухани шарасы ұйымдастырылды. Рухани шараға, аудандағы имамдар мен дін қызметкерлері қатысып, дұға жасалды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

