Шымкент қаласы Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде “ИМАНИ ЖАЗ-2025” жазғы оқу курсының ашылу іс-шарасы өтті. Бұл игі шараға 300 қыз бала мен 300 ұл бала қатысты. Ашылу рәсімінде ұстаздар мен ата-аналарға, сондай-ақ екі-үш пара Құран жаттаған шәкірттерімізге, 73 жастағы ең үлкен шәкірт апамызға мешіт басшылығы атынан сертификаттар табысталды. Ұстаздар шәкірттерге сәттілік тіледі. Бұл жаз — шәкірттерімізге жүректеріне иман нұрын себетін, рухани жеміс теретін берекелі маусым болғай! Алла Тағала барша шәкірттер мен ұстаздарға ілім үйренушілер мен ілім үйретушілерден етіп, көркем мінезді, тақуа, білімді ұрпақтан қылғай! Жаз мезгілі иманға толы болғай!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




