Бүгін, Шымкент қаласы, Тұран аудандық “Қождан ата” мешітінде “Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал” тақырыбымен қасиетті Құрбан айтқа дайындық жиналысы өтті.
Жиналысқа Шымкент орталық мешіттің бірінші наиб имамы Мұсабек қажы Ақтамберді мен наиб имамдар Ахметжан қажы Керімбек, Қазыбек қажы Сарыбаев және дін мен дәстүр саласына жауапты Самат қажы Анарбаев, пәтуа істеріне жауапты Берік қажы Шотабеков, сондай-ақ, аудандағы барлық мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.
Жиналыстың кіріспесін имам Мусабек қажы бастап, ҚМДБ-дан келген тапсырмалар мен нұсқамалықтарды таныстырып, сауапты шаралардың орындалуына жауапты әріптестердің тізімін жариялады.
Содан кейін, сөз алған Қазыбек имам, Самат имам және Берік имам өз салаларына байланысты баяндамалар жасады.
Жиналысты қорытындылаған аудан имамы Ерман Бекбауов қатысушы имамдарға тапсырмалар мен нұсқамалықтарды орындау жолдарын нақтылады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі









