Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына орай  Шымкент қаласы бойынша өкілдігіның ұйытқы болуымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер  көрсету орталығы»  КММ-де  мерекелік қайырымдылық шарасы өтті.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін найб имам Ахмеджан Керімбек,  қалалық «Жастар ісі» секторы Азимбек Қарабеков, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, аудандық «Дін мен дәстүр» бағытының маманы Ержігіт Мамытұлы, қалалық жастар ісі секторы ұстаздары,  Қалдыкүл Бекжанова жетекшілік ететін қалалық «Әжелер» мектебінің апа-әжерелері қатысты.

Негізгі мақсат – аталмыш мекемеденгі зейнеткер ата-әжелерімізмерекелік көңіл күй сыйлау болып саналады. Игі шара барысында арнайы ас беріліп, сыйлықтар таратылды. Әнші өнерпаздарымыз ән-күй, өлең айтты.   

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында мекеме басшысы шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына алғыс айтып, ризалық білдірді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38