Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен қала аумағындағы мазарлар мен зират орындарын таза ұстау, қабірді зиярат ету тәртібін түсіндіру мақсатында «Өткенге құрмет – тіріге міндет» деген атпен тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Шымкент қаласында орналасқан Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау, Тұрған аудан әкімдіктері, «Шымкент» медресе колледжінің ұстаздары мен студенттері, мешіт қызметкерлері, қала тұрғындары т.б. азаматтар қатысты.
Ұйымдастырылған тазалық шарасына қалалық тазалық мекемелерінің тарапынан жүк көліктері т.б. техникалар жұмылдырылды.
Шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы Шымкент қаласы аумағындағы 80 зират орындарында жылына үш рет ауқымды тазалық күндері өткізілетіндігін хабар етіп, қабірлерді зиярат ету ережелері мен тәртіптерін кеңінен түсіндіріп берді

































