ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдаулет қажы Нұрматұлының бастамасымен, Әл-Фараби ауданы Жастар ісіне жауапты Жүсіп Рамазанның ұйымдастыруымен медресе шәкірттері арасында “Қоғам және Дін” кітабы бойынша өзара талқылау және сұрақтар қою арқылы білімін шыңдау шарасы өткізілді. Шараның мақсаты – діннің қоғаммен байланысын кеңінен түсіндіріп, өскелең ұрпаққа жан-жақтылықты насихаттау.