Төлеби ауданына арнайы сапармен ОҚО өкілі найб имамы М. Естеміров аудан имамдары жылдық есебін тыңдау үшін келді. Жылдық есепке аудандық «Нұр» мешітіне 56 мешіттің имамдары қатысып, жылдағы дәстүрге айналып үлгереген есеп беру жины жақсы деңгейде өтті. Аудан имамдары ҚМДБ тарапынан қадағаланатын төрт бағыт бойынша, мешіттердің қысқы дайындығы,олардың тазалығы, мешіттердің құрылысы, сонымен қаттар мешіттерге қатысты біршама сұрақтарға ОҚО өкілі найб имамы М. Естеміровке жеке –жеке жауаптарын, т,б атқарған жұмыстарын көрсетіп өтті. Аудан бас имамы Анарбаев Самат келесі жылыда имамдарымыз жұмыстарын жүйелі ұқыпты тапсырмаларға сай орындалуын қадағаланатынын айтып, әр имамның бұл дүниедегі есебі ақырытпен байланысты болатындығын сезіндірді. Есеп жалпы жақсы деген баға берілді.
Төлеби ауданы Нұр мешіті баспасөз қызметі