Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешітінде әйел-қыздарға арналған Құран үйрену дәрісінен сабақ алып жатқан шәкірттердің жаңа деңгейі көрінді. Олар енді Құраннан 15 сүре жаттап алға шықты. Бұл межені басып өту үшін аналарымыз бен қыздарымызға 2-айдан аса уақыт кетті. Десек те олар сүре жаттап қана қойған жоқ, қазақша мағынасын да көңілге тоқыды.
Осындай ізгі істің үстіндегі шәкірттерімізге мешітіміздің бас имамы Ербосын Орын алғыс білдіріп марапаттады.
“Құранға қадам” курсы – Құранды оқуды үйреніп қана қоймай оны жаттауға, ондағы насихатқа амал етудегі еңбектің бірі ғана.