Шардара қаласында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияровтың басшылығымен қала, ауыл имам — молдаларымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында ҚМДБ — ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жүктеген төрт бағыт бойынша(Уағыз — насихат, жат ағымдармен жұмыс, діни сауат ашу, қайырымдылық) іс — шараларына жеке — жеке тоқталып, мешіттің ішкі сыртқы тазалығына көңіл бөлу, мешіт ішінің жылуы, қысқы дайындық мәселелері, апталық есепті уақтылы жіберіп отыру, ҚМДБ — ның төл басылымдары «Ислам және өркениет» газеті және «Иман» журналына 2018 жылға жазылу науқаны басталғанын жеткізді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.