Бүгін ҚМДБ ізгі қоғам бағыты мен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында қасиетті Мәуліт айының құрметіне Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде «Мінсіз Мұхаммед (с.а.с.)» атты рухани мәуліт кеші ұйымдастырылды.
Рухани шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ашып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізіп, үздік қызмет атқарған қос имамға ұмра қажылығының және екі қызметкерге шипажайға жолдама сертификатын табыстады.
Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі ерекше форматта ұймдастырылды. Түрлі саланың қызметкерлері мен еңбек адамдары қатыстырылып, «Әсем» салтанат сарайында мерекелік дастархан жайылды. Барлық қатысушыларға сый-сияпат үлестірілді. Рухани кеште Мәуліт жыры оқылып, терме һәм арнау оқылды. Мұнымен қататр, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре арнайы уағыз-насихат айтты.
Рухани шараға мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, ел ағалары Бекет Тұрғараев, Әбідқасым Досболов, ҚР Жазушылар одағының Шымкент филиалының төрағасы, жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы, қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев және спорт және өнер, мәдениет қайрткерлері, телеарна тілшілері, ұстаздар, қалалық «Әжелер мектебі» мүшелері т.б. мешіт жамағаты қатысып, рухани кештен мол нәр алып тарасты.
Сондай-ақ, рухани кеш аясында қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев бастаған азаматтар жағдайы төмен, көп балалы 30 отбасыға азық-түлік салынған «Мәуліт қоржыны» табыстады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38