Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына сапары барысында шаһар іргесіндегі «Темірші ата әулие» мазарына зиярат жасады.
Әулиенің басында Құран аяттары оқылып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сауабын Темірші ата рухына бағыштады.
Ел ауызында айтылып жүрген аңыздарға қарағанда, «Темірші ата әулие» (Сайт Мұхаммед) ХІІІ ғасырда өмір сүрген, діни ілім деңгейі бойынша Ишан деңгейіне жеткен. Темір ұстасы болған. Оны Әмір Темір құрмет тұтқан. Темірші ата балта, қылыш, найза, сауыт т.б. әскери құрал саймандар жасаған.
Айта кетейік, «Темірші ата әулие» кесенесі Шымкент қаласы, Ынтымақ елді мекені, Темірлан тас жолы бойынша орналасқан. Іс-шара ҚМДБ-ның «Darhan Dala Travel» отандық туризм жобасын насихаттау бағытында ұйымдастырылды.
ҚМДБ Баспасөз қызметі