Адам баласы өзінің күнделікті өмірінде қаласын-қаламасын бәрібір, әрдайым байланыста болып тұратын топтың бірі – көрші. Кісінің өмірі көп жағдайларда көршілермен болатын мәмілеге, қарым-қатынастарға байланысты болады.
Ата-бабаларымыз «Дін және дәстүр» сабақтастығымен тіршілік жасап, имандылыққа бастап, халықтық тәрбиеге аса жоғары мән беріп, діни қағидаттарды халыққа түсіндіру бойынша өзіндік дәстүр қалыптастырып, нақыл сөздермен мақал- мәтелдерді пайдалану арқылы үгіттеп отырған. Бабаларымыздың осықасиеттері біздерге ана сүтімен дарып, бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Егер Алла тағала пендеге жақсы көрші нәсіп етсе, ол көптеген жақсылыққа себеп болады. Керісінше жаман көршіден әр түрлі жамандық себебінен тұрмыс ауыртпашылығына жол беріліп жататын жағдайлары да жоқ емес.
Жалпы, Исламда көршілік қатынас, өзара іс-қимыл, ынтымақтасып, мәмілелерді бірлесіп жүзеге асыру мәселелеріне ерекше мән берілген. Көршінің көршіге ақысының көптігі соншалық, Пайғамбарымыз с.а.у бұл турасында қияметке дейін жететіндей етіп сөз қалдырған.
Абу Хурайра р.а. риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммад с.а.у.« Ей, мұсылмандар әйелдері!», «Ей, мұсылмандар әйелдері!», «Ей, мұсылмандар әйелдері!»Көрші әйел өз көршісінің еш нәрсесін арзымаған санамасын. Егер қойдың тұяғы болса да. Аллаға және ахірет күніне сенетін иманы бар әйелге жақын туысқансыз бір түн және күнге ұзақ қашықтыққа шығу алал емес»деген.
Набий с.а.у. осы хадис шәріпте муьмин-мусылмандарға үш мәрте жар салуында, көбінше жақсы көңіл бермейтін, екі іс жайында айтып ескертеді және сақтандырады.
Бір әйел қолындағы малдың бас сирағын:«Соны да көршіме беріп отырамын ба демесін. Беру көңіліне түссе, соны болса да берсін, арзымайтын нәрсе деп санамасын. Өйткені осыған ұқсас жағдай жалғаса берсе, адам бара-бара арзитын нәрсені де бермейтін болып қалады.Нәтижеде көрші-қолаң арасында мейірімділік, сүйіспеншілік жоғалады. Қазіргі күнге ұқсас әркім өзімен өзі әуре болып қалады. Тіпті көршісі дүниеден өтсе де білмей жүре беруі мүмкін. Осы мағынадағы хадис шәріптер ерекше әйелдерге қарата айтылғаны үлкен хикметке ие. Әдетте, көршілердің арасының бұзылуы, көбінше әйелдер арасындағы бір-бірін менсінбеу әдеттерінен шығады. Әйелдеріміз осы ақиқатты толық түсініп жетулері және көрші-қолаңмен сыйластықты өзара ынтымақтасып, бірлесіп жүзеге асыруды, ықыласпен белсенді қатынас жасауы лазым.
Құранның «Ниса» сүресінің 36 аятында былай деген: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешкімді серік қоспаңдар. Әке-шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей-кепшіктерге, жақын көршіге, алыс көршіге, жаныңдағы жолдасыңа, қаражаты таусылған жолаушыларға, қолдарыңа қарағандарға (қызметшілерге) жақсылық жасаңдар. Алла даңдайсыған тәкаппарларды жақсы көрмейді».
Бұл аяттың мағынасында алыс және жақын көршіге жақсылық жасауды бұйырып тұр. Яғни, көршінің ұлтына немесе дініне қарай емес, ол қай ұлттың өкілі, яки, қай діннің өкілі болмасын қолымыздан келгенше жақсылық жасауға міндеттіміз.Тіпті Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у. қой сойғанда яхуди көршісіне де бір бөлігін алып шығуды бұйырған. Және Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у. айтты: «Кім көршісін төмен етсе, дәрежесіне зияны тиеді», –деген.
Исламның дәстүрімізге сіңіп кеткені сонша, көптеген мақал-мәтелдер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінен алынған. Дана халқымыз: «Көршің қолайлы болса, қораң кең»,«Жақсы көрші тапқаның, мол олжаға батқаның»,«Туыс – атадан, көрші – Алладан» демекші көршінің жақсы немесе жаман болуы да біздер үшін сынақ. «Көршіні ешкім таңдамайды, Құдай қосады» деуде бекер емес.
Кей кездері көңілімізге жақпайтын көршіміздің іс-әрекеттері болып қалуы мүмкін, сондай кезде біздер сабырлы болып, түсінікпен, кешіріммен қарағанымыз дұрыс болмақ. «Айырылмас көршіңе ауыр сөз айтпа» деген ұлағатты сөзді ұғынып мүмкін болса қателігін дұрыстауына жәрдем беріп ықпал жасап, жақсылыққа үндейтін сөз айтсақ, яки болмаса жұмсақ іс әрекетімізді көрсете алсақ, құптарлық іс болар. Көрші де көршіден тәлім алады.
Алланың Сүйікті Елшісі (с.а.с.) көршілермен қандай мәміледе болу керектігі туралы өз хадисінде: «Егер көршің өзге дін өкілдерінен болса, онда сенің мойныңда бір ақысы бар. Ол сенің көршің болғаны үшін. Егер көршің мұсылман болса, екі міндетің бар. Ол – бірінші көршің, екінші мұсылман болғаны үшін. Ал егер көршің мұсылман- туысқаның болса, үш міндетің бар. Ол – көршің, мұсылман әрі туысқаның болғаны үшін», – деген.
Жабир ибн Абдуллаһ р.а. айтады: Алланың Елшісі с.а.у. ілгері жаназа намазын оқитын орында ақ киім киген кісімен қарама қарсы отырған уақытта, бір адам өз көршісінен көріп жатқан зұлымдықты шағымданып келгені келіп, Ибраһим а.с. мақамына Рукни Ямони ортасында отырдыда:
«Ей, Алланың Елшісі! …. Жаныңыздағы ақ киімді киген кісі кім еді?» – деп сұрайды.Алланың Елшісі с.а.у:«Сен оны көрдің бе?», –деді. Ол: «Ия», –деді.
Алланың Елшісі с.а.у: «Сен көп жақсылықтарды көріпсің. Ол Жәбірейіл а.с. еді. Ол Алланың Елшісі, маған көршілік жайында сонша өсиет етті. Тіпті мен көршіге мирас қылынады ма екен деп ойладым», – деді (осы мағыналас мәтінде Айша р.а анамыздан және Абдулла Ибн Омар р.а. – дан жеткен риуаяттарындағы хадистер бар).
Көршілік ақы – қолдан келгенше оған жақсылық ету. Көршілікте дін және ұлт таңдалмайды, баршасы тең және барабар.
Миқдам ибн Асуад р.а айтты: Расулуллоһ с.а.у-нан ұрлық жайлы сұрады. «Ұрлық жасау- Алланың және оның Елшісінің харам еткен, харам ісі», – деді.
Алланың Елшісі с.а.у: «Он үйден ұрлық ету, бір көршіңнің үйінен ұрлық етуден жеңілірек», – деген. Яғни, ұрлық жасау үлкен күнә. Ал көршіңнің үйіне ұрлық жасаудың ауырлығы, күнәсі он есе.
Абу Хурайра р.а. риуаят етеді: Алланың Елшісі с.а.у-ның айтып жүретін дұғасының бірі: «Ия, Алла! Мен жасайтын дарул мақамдағы (қәбір мағынасында) жаман көршіден пана беруін сұраймын. Өйткені дүниедегі көрші өзгеруі мүмкін».
Абу Хурайра р.а риуаят етеді,Расулуллаһ с.а.у: «Кім Аллаға және қиямет күніне сенсе, көршісіне азар бермесін. Кім Аллаға және киямет күніне сенсе, қонағын құрмет қылсын. Кім Аллаға және киямет күніне сенсе, жақсы сөз сөйлесін немесе тыныш тұрсын(үндемесін)».
Көршілерге жақсылық жасаумен қатар, көршінің азарына да сабыр ету қажет. Дұрыс мәмілемен жақсылықты бірінші болып бастау – ең . Көршіге бірінші болып сәлем беру, ауырып қалса жағдайынан хабар алу, қиындыққа тап болса қиындығын жеңілдетуге көмек беру, қуанып жатса құттықтау, қатесі болса кешіру, оның дуалына ағаш немесе басқада заттарды қойып ренжітпеу, үй шатырының суын көршінің үйіне қарай ағатындай етпеу, үйіне алып кіріп жатқанына көз тастамау,көршілердің сөздерін сырттан тыңдап тұрмау, әйел қыздарына көз салмау, егер көрші жоқ болса бір жаққа кететін болса үйіне қарайлап тұру баршасы көршілік ақылары болып есептеледі.
Абу Хурайра р.а риуаят еткен хадисте Расулуллоһ с.а.у айтады: «Көрші көршінің дуалына шеге қағуға тиым салмасын».
Айша (р.а) айтты: «Мен Расулуллаһ с.а.у-нан естідім: «Менің екі көршім бар , сыйлықты қайсы біріне беруім керек», – деп сұрадым. Расулуллоһ с.а.у : Қайсы бірінің есігі саған жақынырақ болса, соған бересің», – деді.
Ұқба ибн Амирден (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні ең бірінші дауласатындар – көршілер», − деген .
Дана халқымыздың жоғарыдағы хадистерге негіздеп айтқан ұлағатты сөздерінің бірінде былай дейді: «Қиямет күні қоңсыдан», – дей отырып көршімен қандай мәміледе болатының жөнінде сұраласың».
Дініміздегі көршілер бір-бірінің ақылары жайлы міндеттеуінің мақсаты мұсылмандар, бәлкім жер жүзіндегі барша халықтардың өзара тыныш тату-тәтті, бір бірлерін құрмет еткен жағдайда өмір сүру керектігіне үндейді.
Ғұламалардың айтуынша егер жас балаларға бір нәрсе алып келетін болсаң, лажы болса көршілердің балаларына да қосып алу керек. Мүмкіндігі болмаса сол нәрсені көрші балалар алдында көзбе-көз (көзін қыздырып) көтеріп, алып жүрмеуі керек.
Абу Хурайра р.а риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз с.а.у айтады: «Ей Абу Хурайра! Тақуа болғын, адамдардың дінтәртібінұстаушы боласың. Қанағатты болғың, адамдардың шүкір етушілерінен боласың. Адамдар үшін жақсы көрген нәрсеңді оларға да тіле. Муьмин боласың. Саған көрші болғанға жақсылық ет, мусылман боласың.Күлуді азайт, өйткені көп күлкі қалыпты өлтіреді», – деген.
Абу Зар р.а риуаят еткен хадисте Расулуллаһ с.а.у айтады:« Ей, Абу Зарр! Егер сорпа пісірсең, оның суын көбейткің, көршілеріңнен де хабар алғын»,– деді (Имам Муслим).
Анас Ибн Мәлік р.а Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у-нан риуаят еткен хадисте: «Пенденің қалбы тұра, мекем болмағанша, иманы мекем болмағай, тілі мекем болмағанша қалбы мекем боламағай. Сол үшін мүьмин көршісі, оның азарынан аман болмайынша жәннәтқа кірмейді, – деген. Көршіге азар беру өте ауыр күнәләрдан.
Сондай-ақ, көршіге жақсылық етумен ғана шектелмей кей кездері олар ренжітіп, өкпелетіп жатса сабыр ету – өте қажетті мәселелердің бірі. Көршілерге жақсылық жасау оңай болып жатқанымен, ренжітсе,өкпелетсе көтеру қиын. Пайғамбарымыз с.а.с айтты: «Кім көршісі құрмет етсе, оған жәннәтқа кіру уәжіб болады. Кімде-кім өзінің көршісіне азар берсе, оны Алла тағала және періштелер және барша адамдар лағынеттейді» (Хаятул Қулуб).
Көршімен көрші алдындағы ақысы ұлық, оларға қолымыздан келген барша жақсылық етуіміз керек. Кейде арзымаған жер үшін ұрысып қалуымыз мүмкін. Және сол көршіміздің қателігін басқаларға айтып жатамыз. Бұл дұрыс емес. Үйде перзенттеріміз бірер қате іс жасап қойса, дереу жасыруға әрекет етеміз. Неге енді біз көршіміздің қателігін жасыра алмаймыз.Көршіміз бізбен жақсы қарым-қатынаста болсын десек, әуелі өзіміз олармен жақсы мәміледе болайық, ағайын. Көршіміз жайлы айтылған әр түрлі болар-болмас әңгімелерге көңіл бөлмеңіз. Көршілеріміз жайлы жаман күмәнға бармайық. Көп жағдайда көршілердің жас балаларының орталарында кездесіп тұрады. Осындай жағдайда балалардың орталарына түсіп, ата-аналар айыбын бір-бірлеріне аудармастан, әрбірі өз перзенттеріне жеке-жеке тәрбие берсе, әдепке шақырса, ұрыспау керектігін айтып, көршімен тату тұру керектігін түсіндірсе сауап іс болар еді.Көршімен көрші тату болса, еліміздің амандығы, біздің келешек ұрпақтарымызға қалдырған жақсы ғибратты жол болмақ.
Пайғамбарымыз с.а.у: «Алланың хұзырында достардың жақсысы өз досына жақсылық еткен кісі, Алланың хұзырында кісілердің жақсысы, өз көршісіне жақсылық еткен кісі»,-деген.
Ең жаман нәрсе – қызғаныш ету де көршіліктен басталады. Неге ол көлік алды, неге көлігін ауыстырды деген сияқты. Ауласына көрші алып келген нәрсесін көлігінде алып келінсе, не алып келді екен деп сұқтанып қарау да дұрыс емес. Кей жерлерде жомарт көршілер көшені реттеу, жол салып беру деген сияқты қайырлы істерді атқаруы мүмкін. Мұндай жомарт азаматтарға қолдан келгенше жәрдем беріп, қолдау беріп, алғысымызды білдіруіміз керек. Керісінше қызғанышпен қарап, жомарт азаматтың дүниені қайдан алды, неге бұндай істерді істеді, көпшілік жердегі осыған ұқсас істерді көпшілікпен ақылдасу керек дегендей сөз айтушы пайда болады.Және көршісінің хайырлы ісіне қарсылық білдіреді. Жомарт азамат, азаматтық жасап істеген ісі өзіне де көршілеріне жақсы болды.
Алланың Елшісі с.а.у нан келген хадисте Абу Хурайра риуаят етеді:«Набий с.а.у-ға пәленше деген әйел күндіз нәпіл ораза тұтады, кештерінде нәпіл намаз оқиды. Бірақ, көршілерін тілімен ренжітіп, өкпелетеді,-дейді. «Онда жақсылық жоқ, ол дозақта», – дейді. Ол әйел парыз намаздарын оқиды,Рамазан оразасын тұтады. Құртты даналап, садақ қылады.Ешкімге тілімен зиян тимейді, өкпелетпейді», – деді. Алланың Елшісі с.а.у: «Ол жаннатта», – деді. Басқа хадисте: «Көршіңді ренжіту және өкпелетуден өзіңді тый, Егер ол ренжітсе, өкпелетсе сабыр ет»,-деген.
Абу Хурайра р.а: «Жақындағы көршің қалып, ұзақтағы көршіге жүгірмейді, көршілік ұзақтағымен емес, жақындағысымен басталады», – деген.
«Алыстағы ағайыннан, қасыңдағы көрші артық», «Ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын»,- деген аталар нақыл сөзі тектен тек айтылмаған.
Көрші дегенде тек бір дуал аралық немесе қарама қарсы тұрған үй деп ойлауымыз мүмкін. Хасан Басрий р.а. осы жайлы сұрағанда: «Аулаңның (үйіңнің) алды жағынан қырық аула, арқа жақтан қырық аула, оң жағынан қырық аула, сол жағынан қырық ауланың барлығы көрші болып есептеледі»,– деп жауап берген.
Ақиқатында Алла тағаладан қорқып, ахиретті ойлап жасаған әрбір адам өз міндетін, жауапкершілігін және қажеттілігін шын жүректен үміт қылып жасайды. Оны орындау үшін бар мүмкіндігімен әрекет етіп, жанындағылардың көзқарасын, адалдық және әділеттікпен бағалап, жақсы қарым-қатынаста болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- «Ниса» сүресінің 36 аяты;
- Мұттафақұн алайһ.
- Имам Бухари.
- Имам Муслим.
- Адабул-муфрад кітабы.
- Ғибратнама. Жазушы М.Естеміров.
- «Қазыналы-Оңтүстік» кітабы (мақал-мәтелдер).
Полатов Еркін Тұрғынұлы –
ОҚО , Қазығұрт аудандық «Мұсылмандар»
мешітінің бас имамы