Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ізгі қоғам» бағытына жауапты «Ордабасы» мешітінің наиб имамы Қымбатов Бекайдар қажының ұйымдастыруымен демеушілердің есебінен Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық «Қарттар үйі» мекемесінде түскі ас беріп, тәтті балмұздақтар үлестірілді.
Шараға Наркенже Серікбаева, Ғабит Шырынбек, Мырза Әріпжан, Алмас Музаппаров, Оразәлі Жаңабаев, Құралай Қасымовалар қатысып, ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты апаларымызға музыкалық бағдарлама ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында, ата-апаларымыз ақ баталарын беріп, ризалықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38