ҚМДБ Шымкент қаласы, қалалық Жастар ісі секторы және еріктілердің ұйымдастыруымен бүгін балалар үйімен кездесу болды. Аталмыш іс шарда Жастар ісі секторы жазғы “Самал” лагеріндегі баларға ойын сауық алаңшасын ұйымдастырып, үлкен батут қойды. Бүлдіршіндерге арқан тарту, гір тасын көтеру, Ақсерек ойындары ойнатылып ақшалай ұтыстар берілді. Оған қоса дастархан жайылып қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Али Анарқұлұлы “Жастар және руханият” атты тақырыпта насихат айтты. Балаларға қараушы тәрбиешілер мен қызметкерлерге шапан жауылып, балаларға ойыншықтар мен сыйлықтар таратылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі