Бүгін ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Ордабасы» мешітіне марқұм Төлеген Назар Асанұлын еске алуға арналған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ Республикалық байқауна Шымкент қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, Әл-Фараби аудандық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Шымкент қалалық мәслихатының дептутаты, кәсіпкер Ноян Төлегенов, Ербосын Орын, Азамат Әбдікерімұлы, Бекайдар Әлтайұлы арнайы қатысып, қариларға сәттілік тіледі.
Жалпы іріктеу сайысына 85 қари қатысты. Жарысқа «Есжанұлы Сейтжат қари» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Исматулла Мамедов және Абдусамат Әшімжан қари-ұстаздарымыз төрелік етті. Жарысты қалалық Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов және Ержігіт Мамытұлы жүзгізді.
Қатысушылар төрт аталым негізінде жарысқа түсіп, жарыс нәтижесі бойынша:
30-шы пара бойынша:
1-орын:Абдулазиз Илхамжанов (ұмра қажылық)
2-орын: Мұхаммед Кусаев
3-орын: Диас Айтмахан
20 пара бойынша
1-орын: Асатулла Эминтаев
2-орын: Жұмабай Нұрмухаммед
3-орын: Хикматулла Рахматуллаев
10 пара:
1-орын: Алғабас Ернар
2-орын: Билал Абдукадиров
3-орын: Жандос Бекбосынов
Мәнерлеп оқу бойынша
1-орын: Сайдбилал Мираманов
2-орын: Хабибулла Ишигов
3-орын: Раушанбек Мирзаев
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған байқауға дінжанашыры, кәсіпкер Ноян Төлегенов мырза демеушілік көрсетті.
Төрт аталым бойынша бірінші орын алған жеңімпаздарға диплом және қаржылай сыйлықтар табыс теліп, ХІІІ Республикалық байқауына жолдама берілді. Ал қалған қатысушыларға өкілдіктің арнайы естелік һәм ынталандыру алғыс хаты табысталды.
Жиын соңында «Мұмтаз халал» дәмханасында мерекелік дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі