ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында, Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет Қажы Нұрматұлының қолдауымен мешіт жамағатының діни сауатын көтеру мақсатында елге танымал имам-ұстаздардың дәрістері ұйымдастырылуда. Бұл игі бастама бұқарамен байланыс орнату, рухани тәрбие, дін мен дәстүрді дәріптеуге бағытталған.
Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде «Сарыағаш» медресе колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Дінмұхамед Сманов жамағатпен жүздесті.
Кездесу өте жоғарғы деңгейде өтті. Арнайы келген ұстазға аудан бас имамы Ербосын Бектұрсынұлы алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38