Бүгін Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе колледжінің 2024 жылғы түлектеріне диплом табыстау шарасы өтті.
Игі шараны шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Жастар ісі» секторы Әли Анарқұлұлы және ұлағатты ұстаздар қатысты.
Салтанатты жиында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ашып, бітіруші түлектерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қызмет барысында табыс, жеміс һәм сәттілік тіледі.
Биылғы жылы «Шымкент» медресе-колледжін 66 шәкірт тәмамдады. Оның 54 ерлер болса, 14 қыз-балалар. 1 шәкірт үздік атанып қызыл диплом иегері атанды. Мұнымен қатар, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен 55 бітіруші түлектер имам, наиб имам, ұстаз және азаншы сынды қызметтерге бөлінді. Қызмет баянды болсын! Сәттілік тілейміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі