Бүгін Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында бес бағыты бойынша аудан имамдарының жарты жылдық есеп беру мәжілісі өтті.

         Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді мен  Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің жетекшісі Айбек Азимбаев, Жастар ісі секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы және мешіт имамдары қатысты.

         Мәжіліс барысында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау, Тұран аудандық мешіттің  бас имамдары 5 бағыт бойынша атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

         Мәжіліс барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы тарапынан діни оңалту бағыты, діни сауат ашу және уағыз-насихат жұмыстары мен халал бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.

         Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан жарты жылдықта нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді. 

         Айта кетсек, Шымкент қаласына қарасты барлық мешіт имамдары 5 бағыт бойынша атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды, ал қортынды есепті аудан бас имамдары тапсырды.

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38