Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінің әйел жамағаты арасында “Бір айда бір кітап” жобасы бойынша «Дұға ұлы мүмкіндік» атты кітабынан жарыс өткізілді. 
Жарыс үш айналымда өткізіліп, бірінші айналымда тест сұрақтары түрінде өткізілді. Екінші айналымда дұғалардың артықшылықтары жайлы сұрақтар қойылды. Үшінші айналымда дұғаларды арабша және қазақшасын айтып беруі қадағаланды. Кітапты оқып шыққан жамағат, дінімізде дұғаның қаншалықты орны бар екені және дұғалардан алар ғибратты тұсын үйреніп өтті. 
Жарыста 
1-орынды Ахметова Нұржамал апа 
2-орын Әжгереева Роза 
3-орын Турабекова Зүлейха 
4-орын Бозжигитова Меруерт 
5-орын Буралхиева Айгерім иемденді
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38