Бүгін Шымкент қаласында ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында дін өкілдері арасында шағын футбол турнирін өткізілді.

Спорттық іс-шараны  ҚМДБ Шымкент қаласы,  Қаратау ауданы ұйытқы болды. Турнирге бес ауданнан бес командалар бақ сынады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Абдрахманов салауатты өмір салтын насихаттауды, дін өкілдері арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен іс-шараның маңызы зор екенін атап өтті.

Бүгінгі сайыста  «Әл-Фараби» командасы бірінші, «Тұран» командасы екінші, «Қаратау» командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.  Жеңімпаз командалар арнайы жүлделермен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спорттық шараға  Бабыр Халметов, Нәдір Мирисламов, Бабыр Халмұратовтар демеушілік жасады.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бұқаралық спортты насихаттауда бірқатар ізгілікті іс-шараларға ұйытқы болып келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38