Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде ҚМДБ-ның «Qamqor-sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің ұйытқы болуымен республикалық «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты рухани тазалық һәм цифрландыру жолдары семинары өтті.
Семинарға ҚМДБ-ның «Qamqor-sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы, «Digital-Sharapat» ЖШС жетекшісі Тойжанов Еркін Муратұлы, Шымкент шаһарының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Qamqor -sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Ербосын Бектұрсынұлы және қала, аудан имамдары мен еріктілер қатысты.
Семинар жұмысын шаһар бас имамы Бақдаулет Абдрахманов ашып жүргізіп отырды. Осыдан кейін, ҚМДБ-ның «Qamqor-sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы, қалалық «Qamqor -sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Ербосын Орын қатысып, баяндама жасады.
Айт кетсек, ҚМДБ-ның «Qamqor -sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры Мейрамбек Қабылбекұлы еліміз бойынша жерлеу рәсімдерін бір-ізділендіру, ысырапқа жол бермеу, құлпытас ортату және ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің пәтулары мен «Зират және зиярат мәдениеті» атты құжат негізінде жұмыс жасау қажет екендігін айтты. Мұнымен қатар, зират орындарының жұмыстарын заман талабына сай дамыту, бұрын қайтыс болған марқұмдардың аты-жөнін жинақтап, бір орталықта сақтау, цифилік жүйге енгізу сынды жаңа бастамаларды ортаға салды.
Басқосу аясында ҚМДБ-ның «Qamqor-sharapat» салттық қызмет көрсету мекемесінің директоры Мейрамбек Қабылбекұлы еліміз бойынша алғашқы орында мазаратарды цифрландыру жұмыстарына белсенді қызмет көрсеткен азаматтарға ризалық білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Жалпы қала аумағында 80 мұсылман мазараты бар. Осы бағыттың жұмысын дамыту, цифрландыру жұмыстарына әрі қарай жетілдіруді айтып, барша имамдарға нақты тапсырмалар берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі