Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің әйел-қыздар бөлімінде екі ай бойы діни сауат ашу курсы өтілуде еді. Міне бүгін Рамазан айының соңғы күндерінде осы курстан 35 шәкірт емтиханнан сүрінбей өтіп, Құран Кәрімді ережесіне сай оқи алатын дәрежеге жетті. Осы шәкірттер бүгінгі кеште марапатталып, салтанатты түрде құрметтеліп бастарына тәжі кигізіліп құттықталды. Бұл кеште Құран оқу жәйлі, мешіттен сауат ашу жайлы көрініс, иләһи ән айтылып, Құран жайлы слайт көрсетілді. «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз бұдан кейін Құран өздеріне аманат екендігі жайлы, осы мешіт ұстазы Түзелова Ақжарқын ұстаз «Ілім алудың артықшылығы» жайлы уағыз насихатымен бөлісті.
Кқрермендермен сұрақ-жауап ойыны да ойнатылды.
Кеш соңында сыйлықтар таратылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі