Шымкент қаласы қаратау ауданы Жанқожа мешітінде қыз-келіншектерге арнап «Халалдаму» ЖШС Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің технологы Аружан Аралбай «Ауыру- астан ,Адал-ас жанға дауа, иманыңа қуат» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында астың адам ағзасына, денсаулығына, иманына әсерін түсіндіре келіп, қазіргі таңда халал өнімдерді қалай ажыратамыз? Қазақстанда халал өнімдер қалай сертификатталады? Осының бәрі жамағатқа егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Шара соңында семинарға қатысушыларға дүкен сөрелеріндегі халал өнімдердің чек лист ұсынылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі