Шымкент қаласы, Орталық мешітке қарасты, «SAFA» ханымдар орталығында, «Қош келдің — Рамазан» атты рухани кеші өтті.
Рухани кешті, Құран кәрім аятымен басталып, Рамазан жайлы роликтер кқрсетілді. Сонымен қоса Шымкент қаласы,«Әйел қыздар секторы» басшысы Досжанова Балжан Ұстаз және Түзелова Айжарқын Ұстаздарымыз, қасиетті жайлы ашықтап және сұрақтарға жауап берді.
«SAFA» ханымдар орталығының кезекті 15 шәкірті құранға түсіп тәж кигізу рәсімі жасалды.
Және де жамағат арасында «Білім ал да, Умра ұтып ал» марафонының жеңімпазы Ұзаққызы Қатима марапатталды.
Рухани жиынға ат салысқан әрбір жанға Аллаһ Тағала разы болсын.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі