Шымкент орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдар, ұстаз-ғалымдар, ақын-жазушылар, телеарна тілшілері, спортшылар мен жастар, әжелер мектебінің мүшелеріне ауызашар берілді.

Игі шара  «Рамазан – ізгілік пен береке айы» атауымен өткен рухани кеште ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сөзін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов сәлемін жеткізіп, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы уағыз айтты.

 Осыдан кейін, Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы,  қоғам және мемлекет қайраткері Шалатай Мырзахметов, ҚМДБ Республикалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар қажы Әміре, елге  белгілі ақын Біржан Байтуов, белгілі спортшыларымыз  Махмұт  Сабырхан,  Сәкен Бибосыновтар құттықтау сөз айтып,  жастар тәрбиесі жөнінде ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, рухани кеш барысында жапаразан айтып, ән-күй, термеге кезек берілді.

         Жоғары деңгейде ұйымдастырылған кеш соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, арнайы дұға жасады. Сондай-ақ ауызашар қонақтарына  «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптар Рамазан сыйлығы табыс етілді.

Осы тұста,  бүгін шаһардағы 65 мешітте өткен ауызашар рәсіміне 25000 жанға ауызашар дастарханы жайылды. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

  ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38