Шымкент қаласы Қаратау ауданы Жанқожа батыр мешітінің әйел-қыздар бөлімінде қалалық Алланың көркем есімдерін жатқа айту бойынша сайыс өтті.
Сайысқа қаланың әр жерін, тіпті жақын аумақтағы Түркістан облысы ауылдарынан да сайыскерлер алынады.
Сайысқа 60 адам қатысты. Барлығы махаббатпен Алланың есімдерін жаттаған екен, бірінші орындарды анықтау үшін қосымша сайыс өткізуге тура келді.
Сайысқа «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаз, «Ықылас» қарилар орталығының ұстазы Маканова Айгүл қари, Саяси қуғын-сүргін құрбандар мешітінің ұстазы Қаламбек Алмира төрелік етті.
Сайыс нәтижесінде 1-орынды Түлкібас ауданынан келіп қатысқан Сейітхан Асел 50000 теңгелік жүлдемен ие болды.
2-орынға А.Сманов мешітінің шәкірті Роза Әжігерей апамыз 30000 теңгелік, 3-орынға Айқап мешітінің шәкірті Кәрімбек Сая қызымыз 10000 теңгелік жүлдемен ие болды.
Сайысты ұйымдастырған Жанқожа батыр мешітінің ұстазы Әметхан Ұлтуғанға және осы мешіттің имамына алғысымызды білдіреміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі