Шымкент қаласы Қаратау ауданы Байғұт баба мешіті әйел-қыздар бөлімінің ұстаздары және шәкірттерінің ұйымдастыруымен «Рамазан кешірім айы» атты рухани кеш өтті.
Кеш қари ұстаздың қасиетті Құранды оқуымен ашылды. Алғы сөзді Байғұт баба мешітінің бас имамы Сүлейұлы Дастан қажы сөйледі. Бұл рухани кеште шәкірттердің орындауында ораза ұстау жайлы тәрбиелік мәні зор спектакльдік көрініс, иләһи әндер, монологтар ойналды. Кешке келген қонақтарға жеке жеке нөмірленген карталар берілді. Ол карталардың бір бетінде мақал-мәтел, нақыл сөз немесе хадистер жартылай жазылған болатын. Келеген қонақтар шекпеден түскен нөмірмен картадағы сөйлемді жалғастырып әдемі сыйлықтар ұтып алды.
Әдемі дастархан басында мешіт тынысы бейнеленген бейнеролик көрсетілді. Кеш соңында кешке келген қонақтарға түрлі номинациялар бойынша тағы да сыйлықтар таратылды. Осы кешке атсалысқан жамағатқа, демеушілерге және ұстаздары Гүлжан Нұрланқызына, Арайлым Алмасқызына үлкен алғысымызды білдіреміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі