ҚМДБ Шымкент қаласы Абай ауданы “Темірші ата” мешітінде, рамазан айының құрметіне “Рамазан қоржыны” қайырымдылық шарасы өтті. Атап айтқанда әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік берілді. Аталған шараға қала бойынша зекет қорының өкілі Азимбаев Айбек ,аудан бойынша зекетке жауапты Садиев Әлжан және Абай ауданы бас имамы Жәміш Бердалы қатысты.
Аудан бас имамы Жәміш Бердалы осы шараға қатысқан аналарды рамазан айы және наурыз мерекесімен құттықтап,демеушілік еткен жандарға ризалығын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі