ҚМДБ Шымкент қаласы Әл-Фәрәби ауданы “Ордабасы ” мешітінде, рамазан айының құрметіне “Рамазан қоржыны” қайырымдылық шарасы өтті. Атап айтқанда әлеуметтік жағдайы төмен Отбасына азық-түлік берілді. Зекет қорының жауапты Ержігіт Досумбаев және Әл-Фәрәби ауданының бас имамы Ахметжан Керімбек қатысты. Аудан бас имамы Ахметжан Керімбек осы шараға қатысқан аналарды рамазан айы және наурыз мерекесімен құттықтап, демеушілік еткен жандарға ризалығын білдірді. Қайрымдылық шараға мұктаж отбасылардың үйіне Ұн мен Азық түліктерін үйіне жеткізіп берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі