Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық «Халал Даму» ЖШС-нің мамандары қасиетті Рамазан айында ауызашар өткізетін мешіт жанындағы асханаларда тексеру жұмыстарын жүргізді. Арнайы тексеру жұмыстарына Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы, аймақтық «Халал Даму» бөлімінің бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев пен технолог-маман Аружан Аралбай қатысып, дәріс оқыды. Жалпы, қала бойынша мешіт жанындағы ауызашар өткізетін асханалар тексеріліп, дастарханға қойылатын азық-түлік пен тәтті өнімдердің «Халал Даму» ЖШС халал сертификатына ие өнімдер болу қажет екенгіді назарға алынды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі