Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешітінде Имамдардың діни білімін жетілдіру һәм қайта даярлау орталығында «Хадистану ілімі» курсы ашылып, алғашқы топ тәмамдады.
Курс тәмамдаған мешіт имамдарына орталық мешіттің найб имамы, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысып, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының атынан сертификат табыстады.
Аталмыш курста елге белгілі ұстаздар, «Халал Даму» бөлімінің маманы Қазыбек Сарыбаев, РАНТ мүшесі Ералы Есенгелдиев, «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Жомарт Дөрбетхан, Нұрсұлтан қари Мамедалиев сынды ұстаздар дәріс береді.
Курс барысында «Діни оқу-ағарту» бағытының бағдарламасы аясында хадис ілімі, Құран және тәжуид, Ислам тарихы және дін мен дәстүр пәндері жүргізіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі