Жуырда, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен барлық облыс, қала орталық мешіттерінде Құран секторы бөлімі ашылған болатын.
Осы Құран секторына Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі болып найб имамы Ерман Бекбауов жергілікті «Оңтүстік» және «Отырар» телеарналарға сұқбат берді.
Сұқбат барысында жаңадан ашылған Құран секторының жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы баян етті. Сондай-ақ, Құран және Ихсан тағылымы туралы да кеңінен насихат жүргізді.
Айта кетсек, «Оңтүстік» және «Отырар» телеарналарда жұма сайын тікелей эфир арқылы имандылық хабары жүргізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі