Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің әйел-қыздар бөлімінде ұстаздардың ұйымдастыруымен «Ақ кимешек көрінсе сені көрем. Ақ кимешек жоғалса нені көрем..?» тақырыбы аясында кимешек шеруі өтті. Бұдан алдын осы мешіт ұстазы Айжарқын Түзелова ұстаздың бастамасымен кимешек тігу мастер классы өткенді. Енді кимешек тігуді үйреген мешіт шәкірттері тіккен кимешектерін осы шеруде киіп мешіт ауласынан және мешіт ішінде жүріп өтті. Көрген жамағаттың кимешек киюіне қызығушылығын оятқан ақ кимешекті аналар алғысқа ие болды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38