Бүгін қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Айтулы шараларға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» ЖШС бақылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев және демеуші азаматтар қатысып, үлестірді.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған отбасыларға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері, сабын, т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 25500 теңгені құрайды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!
Айта кетсек, қайырымыдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі