Ақ сүтімен азықтандырып, түнгі ұйқысын төрт бөліп.
Сәбиді тынышталдырып, балам аш болмасын деп, еңбектеніп тыным таппайтын, перзенті ер жетсе, алаңдамай қоймайтын және де осы ана.
Ана – баланы тәрбиелеуден, ауырса емдеуден, қамқорлық етуден еш шаршамайды да, жалықпайды да.
Сол үшін де Құран Кәрімнің аяттары да, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері де, ислам ғұламалары да, оның ішінде қазақ халқы да ананың орнын назардан еш тыс қалдырмаған.
Алла Тағала Құранда “ Лұқман” сүресі, 14 – аятында:
وَوَصَّيْنَا الْإِنسَانَ بِوَالِدَيْهِ حَمَلَتْهُ أُمُّهُ وَهْنًا عَلَىٰ وَهْنٍ وَفِصَالُهُ فِي عَامَيْنِ أَنِ اشْكُرْ لِي وَلِوَالِدَيْكَ إِلَيَّ الْمَصِيرُ
“Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық.
Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар.
Маған және әке-шешеңе шүкір ет.
Қайтар орның Мен жақ”,– дейді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
“Егер кім өмірінің ұзарғанын, ризығының кеңейгенін қаласа, ата-анасына жақсылық жасасын, туыстық қатынастарды сақтасын”,- деген.
“Ахмад” хадистер жинағы.
Ұрпақ тәрбиесінде және күйеуіне жақсылықта жәрдемші болуда әйел үлкен демеу.
Оның ең айқын көрінісі – Хадиша анамыз.
Пайғамбарымыздың ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құдай қосқан қосағы парасатты әйел еді.
Әр қилы сәтте пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанынан табылатын.
Үй шаруасы және бала-шағаның тәрбиесіне жіті мән беретін.
Үш қызы да анасының асыл қасиеті мен тәрбиесін бойына сіңіріп өсті.
Қиын сәттерде пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүйеу болды.
Ислам әлемінде аты кең таралған .
Имам Зәхәби туралы оның замандастары оның жас кезінде тек өз қаласында ғана ілім алғанын айтады.
Себебі, оған анасы қаладан шықпа деген екен.
Анасы қайтыс болғанға дейін қаладан шықпаған екен.
Кейіннен имам Зәхәби:
“Мен ілім іздену үшін басқа жерлерге барғым келетін. Алайда, анам қарсы болды да мен оған мойынсұндым.
Сол мойынсұнғаным үшін Алла менің іліміме берекесін жаудырды”,– деген екен.
Ия, ата-ананың балаға жасаған дұғасы қашанда қабыл болады.
Қазақ халқы:
“Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды”т.б. сынды тәрбиелік мәнге толы мақал-мәтелдер айтып, ананың ерекше орнын анық көрсете білген.
Алайда, халық арасында аналар күні деп танылған мерекенің ислам шариғатымен қайшылығы жоқ.
Себебі бұл күнде адамдар аналарымен байланыс құрып, оларға түрлі сыйлықтар жасап, бастарын қосып, көңілдеріне қуаныш сыйлап жатады.
Ендеше, бұл күннің ешқандай діни астары болмаса да аналарымызға ақ тілегімізді арнап, перзенттік көңілмен риясыз сыйлық жасап жатқанымыздың еш бұрысы жоқ. Өйткені ол адамдардың адамгершілігін оятады.
Алайда, мереке осы екен деп, түрлі арам тиым салынған нәрселер мен зинаға жол берілмеуі керек.
Халық жазушысы Мұхтар Әуезов атамыз :
“Әйел – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді”,- деген.
Расымен де, әйел баласы – қоғамның тәрбие көзі. Болашақ ананың мейірлі көзі мен ыстық алақанында. Сондықтан, тұлғаларды тәрбиелейтін болашақ ана болмысы мен тәрбиесіне мән бермейінше мұратқа жету неғайбыл.
Абайды анасы Ұлжан мен әжесі Зере.
Өмірін толығымен ел қамына арнаған тұлғаларды ана тәрбиелейді.
Ел үшін туған азамат – асыл ана жемісі.
Мұхтар Шаханов атамыз да былай деп жырлауда:
“Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған”.
Сөз соңында айтарымыз Алла Тағала аналарымызға аналық бақытты сезінуді,
Жастарымыз имамни тәрбиемен отбасын тәрбиелеп ,қашан да
ата – ана перзенттерінің ықыласына бөленіп жүруді нәсіп етсін!
ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау ауданы орталық “Байғұт баба” мешітінің Найб Имамы Ербол Тастанбекұлы Қалшабеков